Құрбан айтҚыздар әліппесінің ғаламтордағы нұсқасы | Қыздар әліппесінің ғаламтордағы нұсқасы

Құрбан айт

SABAQ.KZ сайтынан Cертификат

Құрбан айт – мұсылмандардың ең қасиетті мерекесі. Ол «ораза айттан» кейін 70 күннен соң басталып, 3 күнге созылады. Бұл күндер Ұлы Меккеге қажылықпен аяқталады. Айт күндері әрбір мұсылман ата-бабаларының басына барып құран оқиды, аруағына құрбандық шалады, мал сояды (жылқыдан басқа). Бұл мұсылмандардың негізгі міндеттерінің бірі. Әрбір мұсылман ата-баба аруағына арнап құрбан шалады, мал сояды (жылқы малынан басқасын). Құрбандыққа қой, ешкі, сиыр және түйе малын шалады. Басқа жануарлар қолданылмайды. Ауру, соқыр мал құрбандыққа шалынбайды.

Құрбандыққа шалынған малдың етін үшке бөліп, бір бөлігін кембағал жандарға, екінші бөлігін туған – туыстарға үшінші бөлігін өзіне қалдырады. Мұсылмандар үшін Құрбан айттың бірінші күні маңызды болып саналады. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылады. Айттың осы бірінші күнінде адамдар бір-бірін құттықтап, бір-бірінің үйінен дастарқаннан дәм татады, бұл күні әр мұсылманның үйінде дастарқан жайылады. Құрбан айтта бауырсақ, шелпек пісіру, дастарқан мәзірін дайындайды.

 

 !?

  • Құрбан айт қашан болады?
  • Құрбандыққа не шалады?
  • Айт намазы қай күнде оқылады?

SABAQ.KZ сайтынан Cертификат

Жарнама

Leave a comment

Your email address will not be published.