Тілек, алғыс, өсиетҚыздар әліппесінің ғаламтордағы нұсқасы | Қыздар әліппесінің ғаламтордағы нұсқасы

Тілек, алғыс, өсиет

SABAQ.KZ сайтынан Cертификат

Тілек, алғыс, өсиет

  Бата   Тілек – адам баласына жақсылық ойлау, оған тілек айту қазақ халқының дінге байланыссыз, алғашқы қауымнан қалыптасқан дәстүрі. Кейіннен келе тілек айту, сол тілекке жету «Құдіретке байланысты» деген сеніммен бата қалыптасты да оған діни сөздер тірек болды. Шын мәнінде тілек дегеніміз – бата, бата дегеніміз – тілек «Үйің құтты болсын», «Сапарың оң болсын», «Жақсы  жатып, жайлы тұрыңыз» деген тілектер, қысқа баталық сөздер. Бата, тілек жастарды бірлікке, әділеттікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Бата ризашылық ниеттің көрінісі ретінде де айтылады. Сондықтан бата, тілектің де тәрбиелік мәнін пайдалана білу керек.

Алғыс – жылы лебізбен ризашылық  білдірген сөздердің бірі.

Өсиет – белгілі бір адамның жасы жеткенде немесе жан тәсілім алдындағы кейінгі ұрпақтарына, туған-туысқандарына айтып кететін ақыл, кеңесі, өтініші немесе соңғы тапсырмасы. Дәстүр бойынша кейінгі адамдар айтылған өсиетті бұлжытпай орындауға тиіс.

Абайдың жастарға өсиет тілегі

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба.

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол.

* * *

Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек,

Жылытқан тұла бойы ыстық жүрек.

Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық,

Бұл қайраттан шығады, білсең керек.

Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап.

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтан.

* * *

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

Жас келінге өсиет

                                                           Қожаберген жырау

Отбасының ұйытқысы – қайын атаң мен қайын енең,

Сыйлап жүрсең оларды, кем болмайсың ешкімнен.

Қайын енеңді күт келін, бағады ол балаңды,

Енеңнің күші өлшеусіз, демеушің ғой табанды.

Қайраты кетсе бойынан, түртпектей берме панаңды,

Мендетеді кәрілік, қайтсе дағы адамды.

Тату бол кайын анаңмен, ойлан, қара санаңмен,

Жасы ұлғайған піріңді, сыйла барлық балаңмен.

Қайын атаң мен енеңді болма келін сөгетін,

Еңкейіп кетті демесе, жәрдемі бар беретін.

Шақырма ашу қарттарға, өзің де сондай боласың,

Ойла келін артыңды, сөз ұғатын баласың.

Сіздерге бұл өсиет – Қожаберген бабаңнан,

Өнеге алма тірлікте, шайпау менен наданнан.

 Тапсырмалар:

  • Тілек, алғыс, өсиет  сөздің мағыналарының ерекшеліктері неде?
  • Тілек, өсиет жатқа айт.

 

SABAQ.KZ сайтынан Cертификат

Leave a comment

Your email address will not be published.